Жаңалықтар

«Айгерим» клиникасы болашақ резиденттерге гранттар табыстады

2025 жылғы 5 қыркүйекте М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде «Айгерим» клиникасының болашақ резиденттеріне атаулы гранттар табыстау салтанатты рәсімі өтті.

 

Конкурстық іріктеуден сәтті өткен алғашқы медициналық ЖОО түлектері клиникада кәсіби жолын жалғастыруға мүмкіндік беретін сертификаттарға ие болды.

 

Іс-шараға университет ректоры, клиника басшылығы, денсаулық сақтау органдарының өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

 

Бұл бастама жас мамандарды қолдауға және өңір медицинасының кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Алдағы уақытта «Айгерим» клиникасы гранттық бағдарламаны жыл сайынғы дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.

 

 

09.09.2025

Контактілер