
«Айгерім Лаб» зертханасында АНДРОФЛОР талдауы қолжетімді
«Айгерім Лаб» зертханасында ер адамдарға арналған заманауи мультиплексті ПТР-тест – АНДРОФЛОР қолжетімді болды. Бұл талдау урогениталды тракт микрофлорасын ДНҚ деңгейінде жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.
АНДРОФЛОР қандай микроорганизмдерді анықтайды?
Талдау 25-тен астам микроорганизмді анықтайды, оның ішінде:
* қалыпты флора (Lactobacillus);
* дисбиотикалық маркерлер;
* шартты-патогенді бактериялар;
* уреаплазма, микоплазма;
* хламидия, трихомонада, гонококк;
* Candida spp. саңырауқұлақтары.
Қай жағдайда тағайындалады?
АНДРОФЛОР мына жағдайларда ұсынылады:
* простатит (жедел/созылмалы);
* уретрит, эпидидимит;
* орхоэпидидимит;
* жасырын инфекцияларға күдік болғанда;
* бедеулік (микрофлораның әсерін бағалау).
Неліктен бұл маңызды?
АНДРОФЛОР талдауы:
* микробиоценозды дәл, сандық тұрғыда бағалайды;
* > 95% сезімталдыққа ие;
* бірнеше бөлек талдауларды алмастырады;
* динамиканы нақты көрсеткіштер арқылы бақылауға мүмкіндік береді;
* нәтижесі жылдам — 1–2 күн.
Қандай жағдайларда пайдалы?
* емнің тиімділігін бақылауға;
* жүктілікке дайындық кезінде;
* асқынулардың алдын алуда;
* урологиялық араласуларға дайындықта.
АНДРОФЛОР талдауы «Айгерім Лаб» зертханасында қолжетімді.
Қосымша ақпарат алу үшін кол-орталыққа немесе тіркеуге хабарласа аласыз.