Мақалалар

Жедел ішек инфекцияларының алдын алу — өз қолыңызда!

Жедел ішек инфекцияларының алдын алу — өз қолыңызда!

 

Жаз мезгілі — демалыс уақыты ғана емес, жедел ішек инфекцияларына шалдығу қаупі жоғары кезең. Әсіресе балалар, қарт адамдар және иммунитеті әлсіреген жандар осал келеді. Ыстық ауа райында зиянды микробтар мен вирустар жылдам көбейіп, лас қол, сапасыз су немесе тағам арқылы ағзаға түсіп, түрлі ауру тудыруы мүмкін.

 

Жедел ішек инфекциялары деген не?

 

Жедел ішек инфекциялары — асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын бактериялар, вирустар және паразиттер арқылы таралатын аурулар тобы. Ең жиі кездесетін қоздырғыштарға сальмонелла, шигелла (дизентерия), ротавирус, ішек таяқшасы және тағы басқа микробтар жатады.

 

Жедел ішек инфекцияларының белгілері:

 

* іштің ауруы,

* жүрек айну, құсу,

* іш өту (диарея),

* дене қызуының көтерілуі,

* әлсіздік және сусыздану.

 

Ауру көбінесе лас қол, ластанған тағам, су және тұрмыстық жолмен жұғады.

 

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаудың қарапайым жолдары

 

✅ көшеден кейін, тамақ ішер алдында және дәретханадан соң қолды сабынмен мұқият жуыңыз;

✅ тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;

✅ жеміс-жидек пен көкөністерді жақсылап жуып, қайнаған сумен шаюды ұмытпаңыз;

✅ тек жақсы термиялық өңдеуден өткен тағамдарды жеңіз;

✅ жарамдылық мерзімі өткен немесе тоңазытқышсыз сақталған тағамдарды жемеңіз;

✅ дайын тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз;

✅ асүйдің тазалығына мән беріңіз, шикі және дайын тағамға арналған бөлек пышақ пен тақтайша қолданыңыз;

✅ тағамды шыбын-шіркей мен кеміргіштерден қорғайтын жабық ыдыста сақтаңыз;

✅ зиянкестерден дер кезінде құтылыңыз;

✅ тек рұқсат етілген жағажайларда шомылыңыз, су жұтып қоймауға тырысыңыз.

 

Есіңізде болсын:

 

Жеке гигиена ережелерін сақтау — инфекцияның алдын алудың ең тиімді жолы. Ауру белгілері пайда болса, өз бетіңізше емделмей, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

 

Инфекционист дәрігердің қабылдауы мен талдаулар — «Айгерим» клиникасында

 

«Айгерим» клиникасында сіз:

* инфекционист дәрігерге қарала аласыз,

* қажетті зертханалық талдауларды (нәжіс, қан, бактериологиялық себінді) тапсыра аласыз,

* жекелей ем және алдын алу бойынша кеңес ала аласыз.

 

Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!

 

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!

Контактілер