
Глюкоза – ағзаның негізгі энергия көзі, алайда оның күрт өзгеруі қауіпті. Диабетті толық емдеу мүмкін емес, сондықтан басты мақсат – асқынулардың алдын алу және қант деңгейін тұрақты бақылау.
Асқыну қаупін арттыратын факторлар
* Дәрігерге уақытында жүгінбеу;
* Қант деңгейін жүйелі қадағаламау;
* Дұрыс тамақтану ережелерін сақтамау;
* Темекі мен алкоголь қолдану;
* Аз қозғалысты өмір салты.
Диабеттің асқынулары
Жедел: гипо- және гипергликемиялық жағдайлар.
Кеш: жүрек-қан тамыр аурулары, бүйрек пен көрудің бұзылуы, нейропатия, диабеттік аяқ синдромы.
Зақымданатын мүшелер
* көз – көрудің төмендеуі;
* бүйрек – жеткіліксіздік қаупі;
* жүйке жүйесі – жансыздану, ауырсыну;
* аяқтар – жаралар мен қабынулар;
* жүрек және тамырлар – инфаркт, инсульт.
Қашан дәрігерге қаралу керек?
Шөлдеу, шаршау, көрудің нашарлауы, аяқтағы жансыздану, ұзақ жазылмайтын жаралар, бұлшықет құрысуы байқалса.
Диагностика
Скрининг аясында профилактикалық тексеруден өтіп, биохимиялық қан талдауын тапсыру қажет.
Асқынулардың алдын алу жолдары
* офтальмологқа уақтылы бару;
* қан және зәр талдауларын тапсыру;
* аяқтарды күнделікті тексеру;
* дәрігер нұсқауларын сақтау;
* дұрыс тамақтану;
* белсенді өмір салтын ұстану.
Қант диабеті тұрақты бақылауды қажет етеді. Ерте диагностика мен мамандарға жүйелі қаралу – денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы.