
Қыс мезгілінде гастриттің асқынуы жиі кездеседі. Суық ауа райы, тамақтану тәртібінің бұзылуы, майлы және ауыр тағамдарды көп тұтыну, сондай-ақ күйзеліс асқазанның шырышты қабатына қосымша жүктеме түсіреді.
Бұл кезеңде асқазан тұсының ауыруы, қыжыл, жүрек айну, кекіру, тамақтан кейінгі ауырлық сезімі пайда болуы мүмкін. Көп жағдайда адамдар бұл белгілерді елемей, өздігінен дәрі қабылдайды, алайда бұл жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін.
Егер белгілер бірнеше күн бойы сақталса немесе жиі қайталанса, дәрігерге қаралу маңызды. Уақытылы тексеру және дұрыс ем асқынудың алдын алып, асқазан ауруларының созылмалы түрге өтуіне жол бермейді